2015 жылғы 19 ақпан, Астана қаласы
Кондоминиум объектісін басқару органы мен түпкі тұтынушыларға коммуналдық көрсетілетін қызметтер жеткізетін нарық субъектілері арасындағы ынтымақтастықтың үлгі шарттарын бекіту туралы
«Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуiрдегi Заңының 10-2-бабының 10-11) тармақшасына сәйкес бұйырамын:
1. Қоса беріліп отырған:
1) Осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Кондоминиум объектісін басқару органы мен түпкі тұтынушыларға газбен жабдықтау жөніндегі көрсетілетін қызметтер жеткізетін нарық субъектілері арасындағы ынтымақтастықтың үлгі шарты;
2) Осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Кондоминиум объектісін басқару органы мен түпкі тұтынушыларға лифт қызметін көрсету жөніндегі көрсетілетін қызметтер жеткізетін нарық субъектілері арасындағы ынтымақтастықтың үлгі шарты;
3) Осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Кондоминиум объектісін басқару органы мен түпкі тұтынушыларға қоқысты әкету жөніндегі көрсетілетін қызметтер жеткізетін нарық субъектілері арасындағы ынтымақтастықтың үлгі шарты;
4) Осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Кондоминиум объектісін басқару органы мен түпкі тұтынушыларға жылумен жабдықтау жөніндегі көрсетілетін қызметтер жеткізетін нарық субъектілері арасындағы ынтымақтастықтың үлгі шарты;
5) Осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Кондоминиум объектісін басқару органы мен түпкі тұтынушыларға электрмен жабдықтау жөніндегі көрсетілетін қызметтер жеткізетін нарық субъектілері арасындағы ынтымақтастықтың үлгі шарты;
6) Осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Кондоминиум объектісін басқару органы мен түпкі тұтынушыларға сумен жабдықтау және су бұру жөніндегі көрсетілетін қызметтер жеткізетін нарық субъектілері арасындағы ынтымақтастықтың үлгі шарты бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері және жер ресурстарын басқару комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген соң күнтiзбелiк он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануын;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау салаға жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі Е. ДОСАЕВ
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 19 ақпандағы №109 бұйрығына 1-қосымша
Нысан
Кондоминиум объектісін басқару органы мен түпкі тұтынушыларға газбен жабдықтау жөніндегі көрсетілетін қызметтер жеткізетін нарық субъектілері арасындағы ынтымақтастықтың үлгі шарты
____________________ 200___жылғы «__» _____
Бұдан әрі «Жеткізуші» деп аталатын___________________________________________________
___________________________________________________________________________ атынан
(көрсетілетін қызметті жеткізетін нарық субъектісінің атауы)
_____________________________________________________________негізінде әрекет ететін
_________________________________________________________________ бір тараптан және
(уәкілетті адамның тегі, аты, әкесінің аты)
бұдан әрі «Сенімді тұлға» деп аталатын_______________________________________________
___________________________________________________________________________ атынан
(кондоминиум объектісін басқару органының атауы)
______________________________________________________________негізінде әрекет ететін
___________________________________________________________________ екінші тараптан,
(уәкілетті адамның тегі, аты, әкесінің аты)
бұдан әрі бірлесіп «Тараптар» деп аталатындар мына төмендегілер туралы осы шартты жасасты:
1. Шартта пайдаланылатын негізгі ұғымдар
1. Шартта мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) жеткізуші — меншік нысанына қарамастан, тұтынушыларға газбен жабдықтау жөнінде қызметтер көрсететін жеке тұлға, дара кәсіпкер немесе заңды тұлға;
2) инженерлік желілер мен құрылыстар - тұтынушыларға коммуналдық қызметтерді көрсетуге арналған жабдықтар мен желілер;
3) кондоминиум - жылжымайтын мүлікке меншіктің нысаны, бұл жағдайда үй-жайлар азаматтардың, заңды тұлғалардың, мемлекеттің дара (бөлек) меншігінде болады, ал ортақ мүлік оларға ортақ үлестік меншік құқығымен тиесілі болады;
4) кондоминиум объектісі - жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің дара (бөлек) меншігіндегі тұрғын және тұрғын емес үй-жайлардан және оларға ортақ үлестік меншік құқығымен тиесілі ортақ мүліктен тұратын біртұтас мүліктік кешен;
5) кондоминиум объектісін басқару органы - кондоминиум объектісін күтіп-ұстау жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға;
6) пайдалану жауапкершілігін бөлу шекарасы - Тараптардың келісімімен белгіленетін газбен жабдықтау жүйелерінің элементтерін газбен жабдықтау жүйелерінің элементтерін пайдалану үшін міндеттер (жауапкершілік) белгісі бойынша бөлу сызығы. Мұндай келісім болмаған кезде пайдалану жауапкершілігінің шекарасы теңгерімдік тиесілілігінің шекарасы бойынша белгіленеді;
7) сенімді тұлға - кондоминиум объектісін басқару органы;
8) теңгерімдік тиесілілігін бөлу шекарасы - газбен жабдықтау жүйелері мен олардың құрылыстары элементтерін меншік, шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару белгісі бойынша бөлу сызығы;
9) тұтынушы - меншік нысанына қарамастан, газбен жабдықтау қызметтерін пайдаланатын жеке немесе заңды тұлғалар.
2. Шарттың мәні
2. Жеткізуші тұтынушыға теңгерімдік тиесілілігін бөлу шекарасына дейін газбен жабдықтау жөнінде қызмет көрсетуге, ал Сенімді тұлға тұтынушыларға газбен жабдықтау жөніндегі қызметтер көрсетілетін үй ішіндегі инженерлік желілер мен құрылыстардың сақталуын және тиісті техникалық жай-күйде болуы мен пайдаланылуын қамтамасыз етуге міндеттенеді.
3. Көрсетілетін қызметті қабылдау Жеткізуші мен тұтынушының теңгерімдік тиесілілігін бөлу шекарасында жүргізіледі.
4. Тараптардың газбен жабдықтау жөніндегі пайдалану жауапкершілігін бөлу шекарасы тұрғын үйге келетін газ құбыры болып табылады.
5. Көрсетiлетiн қызметтердiң сипаттамасы мен сапасы Қазақстан Республикасы заңнамасының, ұлттық стандарттардың талаптарына сәйкес болуы тиiс.
6. Газбен жабдықтау жөніндегі қызметтерді көрсету режимі - тәулік бойы.
3. Тараптардың құқықтары мен міндеттері
7. Жеткізуші газбен жабдықтау жөніндегі қызметтер көрсетілетін үй ішіндегі инженерлік желілер мен құрылыстарға техникалық қызмет көрсетуді жүргізуге және үйге ортақ есептеу құралдарын тексеруді ұйымдастыруға және тексеруге құқылы.
8. Жеткізушінің міндеттері:
1) теңгерiмдiк тиесiлiлiгiн бөлу шекарасына дейiн Қазақстан Республикасы заңнамасының, ұлттық стандарттардың талаптарына сәйкес көлемде және сапада газбен жабдықтау жөнiндегі қызметтердің тиiсiнше көрсетілуін қамтамасыз ету;
2) газбен жабдықтау жөнінде қызметтер көрсету режимін бұзуды болдырмау, жою бойынша уақтылы шаралар қабылдау.
9. Сенімді тұлғаның құқықтары:
1) үй ішіндегі инженерлік желілер мен құрылыстарды тиісті техникалық жай-күйде күтіп ұстау бойынша жөндеу және пайдалану жұмыстарын жүзеге асыру үшін үшінші тұлғаларды тарту;
2) үй ішіндегі инженерлік желілер мен құрылыстарды қарау кезінде Жеткізуші жасайтын барлық актілердің көшірмелерін Жеткізушіден алу.
10. Сенімді тұлғаның міндеттері:
1) пайдалану жауапкершілігін бөлу шекарасы шегінде газбен жабдықтау жөніндегі қызметтер көрсетілетін үй ішіндегі инженерлік желілер мен құрылыстардың сақталуын, қауіпсіздігін, тиісті техникалық жай-күйін және пайдаланылуын қамтамасыз ету;
2) үйге ортақ мұқтаждыққа пайдаланылатын газбен жабдықтау жөніндегі қызметтерді ұтымды пайдалануды қамтамасыз ету, үй ішіндегі инженерлік желілер мен құрылыстардағы шығындарды болдырмау;
3) жеткізуші орнатқан пломбалардың бүтіндігінің бұзылу жағдайлары туралыЖеткізушіге хабарлау;
4) үй ішіндегі инженерлік желілер мен құрылыстардың істен шығуын өз күшімен жою;
5) үйге ортақ есептеу құралдарына, үй ішіндегі инженерлік желілер құрылыстарға Жеткізуші өкілдерінің кедергісіз кіруін қамтамасыз ету.
4. Форс-мажорлық жағдайлар
11. Форс-мажорлық жағдайлар, яғни еңсерілмейтін күш жағдайлары (дүлей апаттар немесе болжап білу немесе алдын алу мүмкін емес өзі жағдайлар), сондай-ақ әскери қимылдар, көтерілістер және Шарт талаптарыны орындалмауына немесе тиісінше орындалмауына әкеп соққан басқа оқиғалар туындаған жағдайда, Тараптардың ешқайсысы екінші Тараптың алдында жауапты болмайды.
12. Тараптардың Шарт бойынша міндеттемелері еңсерілмейтін күш жағдайларының әрекет ету мерзіміне, бірақ мұндай жағдайлар Тараптардың Шарт бойынша міндеттемелерін орындауына бөгет болатындай дәрежеде ғана тоқтатыла тұруы мүмкін.
Егер еңсерілмейтін күш жағдайлары 3 және одан да көп айларға созылатын болса, Тараптардың әрқайсысы Шартты бұзу болжанған күнге дейін кемінде жиырма күнтізбелік күн бұрын екінші Тарапты алдын ала хабардар еткен жағдайда, оны бұзуға құқылы. Бұл ретте Тараптар 30 күнтізбелік күн ішінде Шарт бойынша барлық өзара есеп айырысуларды жүргізуге міндеттенеді.
5. Жалпы ережелер және дауларды шешу
13. Тараптар өздерінің құқықтық қатынастарында Шартты және қолданыстағы заңнаманы басшылыққа алады.
14. Тараптардың біреуінің Шарт бойынша міндеттемелері орындалмаған немесе бұзылған кезде екінші тарап келтірілген шығындарды өтеу туралы талаптарын ұсына отырып, Шартты бір жақты тәртіппен бұзуға құқылы.
15. Тараптар туындайтын дауларды келіссөздер жүргізу арқылы реттеу үшін барлық күш-жігерін салады. Тараптар арасында келісімге қол жеткізілмеген жағдайда даулар мен келіспеушіліктер сот тәртібімен шешіледі.
16. Тараптардың Шарттан туындайтын және онымен реттелмеген қатынастары Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен реттеледі.
17. Шарт Тараптарда сақталатын және бірдей заңды күші бар екі данада жасалады.
6. Шарттың қолданылу мерзімі
18. Осы Шарт 20__ жылғы «__» ________ 20_ жылғы «__» _________ дейінгі мерзімге жасалады және, егер оның қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін 30 күнтізбелік күннің ішінде Тараптардың бірі Шарттан бас тарту туралы өтініш бермесе, оның мерзімі ұзартылды деп саналады.
7. Тараптардың заңды мекенжайлары
Жеткізуші: Сенімді тұлға:
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 19 ақпандағы №109 бұйрығына 2-қосымша
Нысан
Кондоминиум объектісін басқару органы мен түпкі тұтынушыларға лифт қызметін көрсету жөніндегі көрсетілетін қызметтер жеткізетін нарық субъектілері арасындағы ынтымақтастықтың үлгі шарты
__________________ 20___жылғы «__» ________
Бұдан әрі «Жеткізуші» деп аталатын__________________________________________________
___________________________________________________________________________ атынан
(көрсетілетін қызметті жеткізетін нарық субъектісінің атауы)
______________________________________________________________негізінде әрекет ететін
_________________________________________________________________ бір тараптан және
(уәкілетті адамның тегі, аты, әкесінің аты)
бұдан әрі «Сенімді тұлға» деп аталатын_______________________________________________
___________________________________________________________________________ атынан
(кондоминиум объектісін басқару органының атауы)
______________________________________________________________негізінде әрекет ететін
___________________________________________________________________ екінші тараптан,
(уәкілетті адамның тегі, аты, әкесінің аты)
бұдан әрі бірлесіп «Тараптар» деп аталатындар мына төмендегілер туралы осы шартты жасасты:
1. Шартта пайдаланылатын негізгі ұғымдар
1. Шартта мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) жеткізуші — меншік нысанына қарамастан, тұтынушыларға лифт қызметін көрсету жөніндегі қызметтерді көрсететін жеке тұлға, дара кәсіпкер немесе заңды тұлға;
2) кондоминиум - жылжымайтын мүлікке меншіктің нысаны, бұл жағдайда үй-жайлар азаматтардың, заңды тұлғалардың, мемлекеттің дара (бөлек) меншігінде болады, ал ортақ мүлік оларға ортақ үлестік меншік құқығымен тиесілі болады;
3) кондоминиум объектісі - жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің дара (бөлек) меншігіндегі тұрғын және тұрғын емес үй-жайлардан және оларға ортақ үлестік меншік құқығымен тиесілі ортақ мүліктен тұратын біртұтас мүліктік кешен;
4) кондоминиум объектісін басқару органы - кондоминиум объектісін күтіп-ұстау жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға;
5) лифт қызметін көрсету - лифт шаруашылығын диспетчерлеу және оны мақсатына сай пайдалану кезінде оның жұмысқа қабілетін немесе жарамдылығын сүйемелдеу және қалпына келтіру, күту және сақтау жөніндегі іс-шаралар кешені;
6) лифт шаруашылығы - адамдарды және (немесе) жүктерді кабинамен көтеруге және түсіруге арналған құрылыстық, инженерлік құрылғылар мен жүйелер кешені;
7) сенімді тұлға - кондоминиум объектісін басқару органы;
8) тұтынушы — лифт қызметтерін пайдаланатын меншік иелері немесе үй-жайларды (пәтерлерді) жалға алушылар.
2. Шарттың мәні
2. Жеткізуші лифт шаруашылығын мақсатына сай пайдалану, күтужәне сақтау кезінде оның жұмыс қабілетін және жарамдылығын сүйемелдеуді және қалпына келтіруді қамтамасыз етуге, ал Сенімді тұлға кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіне жататын және тұтынушылардың ортақ меншігі болып табылатын лифт шаруашылығының сақталуын, тиісті техникалық жай-күйде болуы мен пайдаланылуын қамтамасыз етуге міндеттенеді.
3. Лифт қызметін көрсетудің тұтынушылық қасиеттері мен режимі тұрғын үйдегі жоғары қауіптілік объектілері ретінде Қазақстан Республикасының лифтілерді пайдаланудың қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы қолданыстағы заңнамасының талаптарына сәйкес болуы тиіс.
4. Лифт қызметін көрсету жөніндегі қызметтерді көрсету режимі - тәулік бойы.
3. Тараптардың құқықтары мен міндеттері
5. Жеткізуші лифт шаруашылығына техникалық күтім жасауға құқылы.
6. Жеткізушінің міндеттері:
1) лифт шаруашылығын мақсатына сай пайдалану, күту және сақтау кезінде оның жұмыс қабілетін немесе жарамдылығын сүйемелдеуді және қалпына келтіруді қамтамасыз ету;
2) лифт қызметін көрсету режимін бұзуды болдырмау, жою бойынша уақтылы шаралар қабылдау.
7. Сенімді тұлғаның құқықтары:
1) лифт шаруашылығын тиісті техникалық жай-күйде күтіп ұстау бойынша жөндеу және пайдалану жұмыстарын жүзеге асыру үшін үшінші тұлғаларды тарту;
2) лифт шаруашылығын қарау кезінде Жеткізуші жасайтын барлық актілердің көшірмелерін Жеткізушіден алу.
8. Сенімді тұлғаның міндеттері:
1) лифт шаруашылығының сақталуын, қауіпсіздігін, тиісті техникалық жай-күйін және пайдаланылуын қамтамасыз ету;
2) лифт жұмысының бұзылуына әкеп соғуы, сондай-ақ тұтынушылардың өмірі мен денсаулығына қауіп тудыруы мүмкін лифт шаруашылығының барлық зақымдануы мен ақаулықтары туралы Жеткізушіге хабарлау.
4. Форс-мажорлық жағдайлар
9. Форс-мажорлық жағдайлар, яғни еңсерілмейтін күш жағдайлары (дүлей апаттар немесе болжап білу немесе алдын алу мүмкін емес өзге жағдайлар), сондай-ақ әскери қимылдар, көтерілістер және Шарт талаптарының орындалмауына немесе тиісінше орындалмауына әкеп соққан басқа оқиғалар туындаған жағдайда, Тараптардың ешқайсысы екінші Тараптың алдында жауапты болмайды.
10. Тараптардың Шарт бойынша міндеттемелері еңсерілмейтін күш жағдайларының әрекет ету мерзіміне, бірақ мұндай жағдайлар Тараптардың Шарт бойынша міндеттемелерін орындауына бөгет болатындай дәрежеде ғана тоқтатыла тұруы мүмкін.
Егер еңсерілмейтін күш жағдайлары 3 және одан да көп айларға созылатын болса, Тараптардың әрқайсысы Шартты бұзу болжанған күнге дейін кемінде жиырма күнтізбелік күн бұрын екінші Тарапты алдын ала хабардар еткен жағдайда, оны бұзуға құқылы. Бұл ретте Тараптар 30 күнтізбелік күні ішінде Шарт бойынша барлық өзара есеп айырысуларды жүргізуге міндеттенеді.
5. Жалпы ережелер және дауларды шешу
11. Тараптар өздерінің құқықтық қатынастарында Шартты және қолданыстағы заңнаманы басшылыққа алады.
12.Тараптардың біреуінің Шарт бойынша міндеттемелері орындалмаған немесе бұзылған кезде екінші тарап келтірілген шығындарды өтеу туралы талаптарын ұсына отырып, Шартты бір жақты тәртіппен бұзуға құқылы.
13. Тараптар туындайтын дауларды келіссөздер жүргізу арқылы реттеу үшін барлық күш-жігерін салады. Тараптар арасында келісімге қол жеткізілмеген жағдайда даулар мен келіспеушіліктер сот тәртібімен шешіледі.
14. Тараптардың Шарттан туындайтын және онымен реттелмеген қатынастары Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен реттеледі.
15. Шарт Тараптарда сақталатын және бірдей заңды күші бар екі данада жасалады.
6. Шарттың қолданылу мерзімі
16. Осы Шарт 20__ жылғы «__» ________ 20_ жылғы «__» _________ дейінгі мерзімге жасалады және, егер оның қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін 30 күнтізбелік күннің ішінде Тараптардың бірі Шарттан бас тарту туралы өтініш бермесе, оның мерзімі ұзартылды деп саналады.
7. Тараптардың заңды мекенжайлары
Жеткізуші: Сенімді тұлға:
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 19 ақпандағы №109 бұйрығына 3-қосымша
Нысан
Кондоминиум объектісін басқару органы мен түпкі тұтынушыларға қоқысты әкету жөніндегі көрсетілетін қызметтер жеткізетін нарық субъектілері арасындағы ынтымақтастықтың үлгі шарты
____________________ 20___жылғы «__» _____
Бұдан әрі «Жеткізуші» деп аталатын__________________________________________________
___________________________________________________________________________ атынан
(көрсетілетін қызметті жеткізетін нарық субъектісінің атауы)
______________________________________________________________негізінде әрекет ететін
_________________________________________________________________ бір тараптан және
(уәкілетті адамның тегі, аты, әкесінің аты)
бұдан әрі «Сенімді тұлға» деп аталатын_______________________________________________
___________________________________________________________________________ атынан
(кондоминиум объектісін басқару органының атауы)
______________________________________________________________негізінде әрекет ететін
___________________________________________________________________ екінші тараптан,
(уәкілетті адамның тегі, аты, әкесінің аты)
бұдан әрі бірлесіп «Тараптар» деп аталатындар мына төмендегілер туралы осы шартты жасасты:
1. Шартта пайдаланылатын негізгі ұғымдар
1. Шартта мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) жеткізуші - меншік нысанына қарамастан, тұтынушыларға қоқысты әкету жөнінде қызметтер көрсететін жеке тұлға, дара кәсіпкер немесе заңды тұлға;
2) коммуналдық қалдықтар - елді мекендерде, оның ішінде адамның тіршілік әрекетінің нәтижесінде пайда болатын тұтыну қалдықтары, сондай-ақ құрамы мен пайда болу сипаты бойынша оларға жақын өндірістік қалдықтар;
3) кондоминиум - жылжымайтын мүлікке меншіктің нысаны, бұл жағдайда үй-жайлар азаматтардың, заңды тұлғалардың, мемлекеттің дара (бөлек) меншігінде болады, ал ортақ мүлік оларға ортақ үлестік меншік құқығымен тиесілі болады;
4) кондоминиум объектісі - жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің дара (бөлек) меншігіндегі тұрғын және тұрғын емес үй-жайлардан және оларға ортақ үлестік меншік құқығымен тиесілі ортақ мүліктен тұратын біртұтас мүліктік кешен;
5) кондоминиум объектісін басқару органы - кондоминиум объектісін күтіп-ұстау жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға;
6) қоқысты әкету — коммуналдық қалдықтарды сұрыптауды, жинауды, тасымалдауды, кәдеге жаратуды, қайта өңдеуді, сақтауды, көмуді қамтамасыз ететін іс-шаралар жиынтығы;
7) сенімді тұлға - кондоминиум объектісін басқару органы;
8) тұтынушы - меншік нысанына қарамастан, қоқысты әкету қызметтерін пайдаланатын жеке немесе заңды тұлғалар.
2. Шарттың мәні
2. Жеткізуші Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау саласындағы қолданыстағы заңнамасының талаптарына сәйкес коммуналдық қалдықтарды толық әкетуді қамтамасыз етуге, ал Сенімді тұлға қоқысты әкету жөніндегі қызметтер жүзеге асырылатын инженерлік жабдықтардың сақталуын және тиісті техникалық жай-күйде болуы мен пайдаланылуын қамтамасыз етуге міндеттенеді.
3. Коммуналдық қалдықтарды әкету жөніндегі қызметтерді көрсетудің тұтынушылық қасиеті мен режимі нормативтік-техникалық құжаттамада белгіленген талаптарға және санитариялық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкес болуы тиіс.
4. Қоқысты әкету жөніндегі қызметтерді көрсету режимі - тәулік бойы.
3. Тараптардың құқықтары мен міндеттері
5. Жеткізуші қоқысты әкету жөніндегі қызметтер көрсетілетін инженерлік жабдыққа техникалық қызмет көрсетуге құқылы.
6. Жеткізушінің міндеттері:
1) санитариялық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкес коммуналдық қалдықтарды толық әкету жөніндегі қызметтердің тиісінше көрсетілуін қамтамасыз ету;
2) қоқысты әкету жөніндегі қызметтерді көрсету режимін бұзуды болдырмау, жою бойынша уақтылы шаралар қабылдау.
7. Сенімді тұлғаның құқықтары:
1) инженерлік жабдықты тиісті техникалық жай-күйде күтіп ұстау бойынша жөндеу және пайдалану жұмыстарын жүзеге асыру үшін үшінші тұлғаларды тарту;
2) инженерлік жабдықты қарау кезінде Жеткізуші жасайтын барлық актілердің көшірмелерін Жеткізушіден алу.
8. Сенімді тұлғаның міндеттері:
1) сенімді тұлға коммуналдық қалдықтарды әкету жөніндегі қызметтер көрсетілетін инженерлік жабдықтың сақталуын, қауіпсіздігін, тиісті техникалық жай-күйін және пайдаланылуын қамтамасыз ету.
4. Форс-мажорлық жағдайлар
9. Форс-мажорлық жағдайлар, яғни еңсерілмейтін күш жағдайлары (дүлей апаттар немесе болжап білу немесе алдын алу мүмкін емес өзге жағдайлар), сондай-ақ әскери қимылдар, көтерілістер және Шарт талаптарының орындалмауына немесе тиісінше орындалмауына әкеп соққан басқа оқиғалар туындаған жағдайда, Тараптардың ешқайсысы екінші Тараптың алдында жауапты болмайды.
10. Тараптардың Шарт бойынша міндеттемелері еңсерілмейтін күш жағдайларының әрекет ету мерзіміне, бірақ мұндай жағдайлар Тараптардың Шарт бойынша міндеттемелерін орындауына бөгет болатындай дәрежеде ғана тоқтатыла тұруы мүмкін.
Егер еңсерілмейтін күш жағдайлары 3 және одан да көп айларға созылатын болса, Тараптардың әрқайсысы Шартты бұзу болжанған күнге дейін кемінде жиырма күнтізбелік күн бұрын екінші Тарапты алдын ала хабардар еткен жағдайда, оны бұзуға құқылы. Бұл ретте Тараптар 30 күнтізбелік күн ішінде Шарт бойынша барлық өзара есеп айырысуларды жүргізуге міндеттенеді.
5. Жалпы ережелер және дауларды шешу
11. Тараптар өздерінің құқықтық қатынастарында Шартты және қолданыстағы заңнаманы басшылыққа алады.
12. Тараптардың біреуінің Шарт бойынша міндеттемелері орындалмаған немесе бұзылған кезде екінші тарап келтірілген шығындарды өтеу туралы талаптарын ұсына отырып, Шартты бір жақты тәртіппен бұзуға құқылы.
13. Тараптар туындайтын дауларды келіссөздер жүргізу арқылы реттеу үшін барлық күш-жігерін салады. Тараптар арасында келісімге қол жеткізілмеген жағдайда даулар мен келіспеушіліктер сот тәртібімен шешіледі.
14. Тараптардың Шарттан туындайтын және онымен реттелмеген қатынастары Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен реттеледі.
15. Шарт Тараптарда сақталатын және бірдей заңды күші бар екі данада жасалады.
6. Шарттың қолданылу мерзімі
16. Осы Шарт 20__ жылғы «__» ________ 20_ жылғы «__» _________ дейінгі мерзімге жасалады және егер оның қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін 30 күнтізбелік күннің ішінде Тараптардың бірі Шарттан бас тарту туралы өтініш бермесе, оның мерзімі ұзартылды деп саналады.
7. Тараптардың заңды мекенжайлары
Жеткізуші: Сенімді тұлға:
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 19 ақпандағы №109 бұйрығына 4-қосымша
Нысан
Кондоминиум объектісін басқару органы мен түпкі тұтынушыларға жылумен жабдықтау жөніндегі көрсетілетін қызметтер жеткізетін нарық субъектілері арасындағы ынтымақтастықтың үлгі шарты
__________________ 20___жылғы «__» ________
Бұдан әрі «Жеткізуші» деп аталатын__________________________________________________
___________________________________________________________________________ атынан
(көрсетілетін қызметті жеткізетін нарық субъектісінің атауы)
______________________________________________________________негізінде әрекет ететін
_________________________________________________________________ бір тараптан және
(уәкілетті адамның тегі, аты, әкесінің аты)
бұдан әрі «Сенімді тұлға» деп аталатын_______________________________________________
___________________________________________________________________________ атынан
(кондоминиум объектісін басқару органының атауы)
______________________________________________________________негізінде әрекет ететін
___________________________________________________________________ екінші тараптан,
(уәкілетті адамның тегі, аты, әкесінің аты)
бұдан әрі бірлесіп «Тараптар» деп аталатындар мына төмендегілер туралы осы шартты жасасты:
1. Шартта пайдаланылатын негізгі ұғымдар
1. Шартта мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) жеткізуші — меншік нысанына қарамастан, тұтынушыларға жылумен жабдықтау қызметтерін көрсететін жеке тұлға, дара кәсіпкер немесе заңды тұлға;
2) инженерлік желілер мен құрылыстар - тұтынушыларға коммуналдық қызметтерді көрсетуге арналған жабдықтар мен желілер;
3) кондоминиум - жылжымайтын мүлікке меншіктің нысаны, бұл жағдайда үй-жайлар азаматтардың, заңды тұлғалардың, мемлекеттің дара (бөлек) меншігінде болады, ал ортақ мүлік оларға ортақ үлестік меншік құқығымен тиесілі болады;
4) кондоминиум объектісі - жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің дара (бөлек) меншігіндегі тұрғын және тұрғын емес үй-жайлардан және оларға ортақ үлестік меншік құқығымен тиесілі ортақ мүліктен тұратын біртұтас мүліктік кешен;
5) кондоминиум объектісін басқару органы - кондоминиум объектісін күтіп-ұстау жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға;
6) пайдалану жауапкершілігін бөлу шекарасы — Тараптардың келісімімен белгіленетін жылумен жабдықтау жүйелерінің элементтерін жылумен жабдықтау жүйелерінің элементтерін пайдалану үшін міндеттер (жауапкершілік) белгісі бойынша бөлу сызығы. Мұндай келісім болмаған кезде пайдалану жауапкершілігінің шекарасы теңгерімдік тиесілілігінің шекарасы бойынша белгіленеді;
7) сенімді тұлға - кондоминиум объектісін басқару органы;
8) теңгерімдік тиесілілігін бөлу шекарасы - жылумен жабдықтау жүйелері мен олардың құрылыстары элементтерін меншік, шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару белгісі бойынша бөлу сызығы;
9) тұтынушы - меншік нысанына қарамастан, жылумен жабдықтау қызметтерін пайдаланатын жеке немесе заңды тұлғалар.
2. Шарттың мәні
2. Жеткізуші тұтынушыға теңгерімдік тиесілілігін бөлу шекарасына дейін жылумен жабдықтау жөніндегі қызмет көрсетуге, ал Сенімді тұлға тұтынушыға жылумен жабдықтау жөніндегі қызмет көрсетілетін үй ішіндегі инженерлік желілер мен құрылғылардың сақталуын және тиісті техникалық жай-күйде болуы мен пайдаланылуын қамтамасыз етуге міндеттенеді.
3. Көрсетілетін қызметті қабылдау Жеткізуші мен тұтынушының теңгерімдік тиесілілігін бөлу шекарасында жүргізіледі.
4. Тараптардың жылумен жабдықтау жөніндегі пайдалану жауапкершілігін бөлу шекарасы басқару торабындағы кіріс ысырмасының бірінші бөлуші фланеці болып табылады.
5. Көрсетiлетiн қызметтердiң сипаты мен сапасы Қазақстан Республикасы заңнамасының, санитариялық-гигиеналық қағидалар мен нормалардың, ұлттық стандарттардың талаптарына, сондай-ақ Жеткiзушi жасаған және жергiлiктi атқарушы органдармен келiсiлген температура кестесiне сәйкес болуы тиiс.
6. Жылумен жабдықтау жөніндегі қызметтерді көрсету режимі - жылыту маусымында тәулік бойы.
3. Тараптардың құқықтары мен міндеттері
7. Жеткізуші жылумен жабдықтау жөніндегі қызмет көрсетілетін үй ішіндегі инженерлік желілер мен құрылыстарға техникалық қызмет көрсетуді жүргізуге және үйге ортақ есептеу құралдарын тексеруді ұйымдастыруға және тексеруге құқылы.
8. Жеткізушінің міндеттері:
1) теңгерiмдiк тиесiлiлiгiн бөлу шекарасына дейiн Қазақстан Республикасы заңнамасының, санитариялық-гигиеналық қағидалар мен нормалардың, ұлттық стандарттардың талаптарына, сондай-ақ температура кестесiне сәйкес көлемде және сапада жылумен жабдықтау жөнiндегi қызметтiң тиiсiнше көрсетiлуiн қамтамасыз ету;
2) жылумен жабдықтау жөніндегі қызметтерді көрсету режимін бұзуды болдырмау, жою бойынша уақтылы шаралар қабылдау.
9. Сенімді тұлғаның құқықтары:
1) үй ішіндегі инженерлік желілер мен құрылыстарды тиісті техникалық жай-күйде күтіп ұстау бойынша жөндеу және пайдалану жұмыстарын жүзеге асыру үшін үшінші тұлғаларды тарту;
2) үй ішіндегі инженерлік желілер мен құрылыстарды қарау кезінде Жеткізуші жасайтын барлық актілердің көшірмелерін Жеткізушіден алу.
10. Сенімді тұлғаның міндеттері:
1) пайдалану жауапкершілігін бөлу шекарасы шегінде жылумен жабдықтау жөніндегі қызмет көрсетілетін үй ішіндегі инженерлік желілер мен құрылыстардың, жылу энергиясын есептеудің үйге ортақ құралдарының сақталуын, қауіпсіздігін, тиісті техникалық жай-күйін және пайдаланылуын қамтамасыз ету;
2) үйге ортақ мұқтаждыққа пайдаланылатын жылумен жабдықтау жөніндегі қызметтерді ұтымды тұтынуды қамтамасыз ету, үй ішіндегі инженерлік желілер мен құрылыстардағы шығындарды болдырмау;
3) Жеткізуші орнатқан пломбалардың бүтіндігінің бұзылу жағдайлары туралы Жеткізушіге хабарлау;
4) мүмкін болған жағдайда, үй ішіндегі инженерлік желілер мен құрылыстардың істен шығуын өз күшімен жою;
5) үйге ортақ есептеу құралдарына, үй ішіндегі инженерлік желілер мен құрылыстарға Жеткізуші өкілдерінің кедергісіз кіруін қамтамасыз ету.
4. Форс-мажорлық жағдайлар
11. Форс-мажорлық жағдайлар, яғни еңсерілмейтін күш жағдайлары (дүлей апаттар немесе болжап білу немесе алдын алу мүмкін емес өзге жағдайлар), сондай-ақ әскери қимылдар, көтерілістер және Шарт талаптарының орындалмауына немесе тиісінше орындалмауына әкеп соққан басқа оқиғалар туындаған жағдайда, Тараптардың ешқайсысы екінші Тараптың алдында жауапты болмайды.
12. Тараптардың Шарт бойынша міндеттемелері еңсерілмейтін күш жағдайларының әрекет ету мерзіміне, бірақ мұндай жағдайлар Тараптардың Шарт бойынша міндеттемелерін орындауына бөгет болатындай дәрежеде ғана тоқтатыла тұруы мүмкін.
Егер еңсерілмейтін күш жағдайлары 3 және одан да көп айларға созылатын болса, Тараптардың әрқайсысы Шартты бұзу болжанған күнге дейін кемінде жиырма күнтізбелік күн бұрын екінші Тарапты алдын ала хабардар еткен жағдайда, оны бұзуға құқылы. Бұл ретте Тараптар 30 күнтізбелік күн ішінде Шарт бойынша барлық өзара есеп айырысуларды жүргізуге міндеттенеді.
5. Жалпы ережелер және дауларды шешу
13. Тараптар өздерінің құқықтық қатынастарында Шартты және қолданыстағы заңнаманы басшылыққа алады.
14. Тараптардың біреуінің Шарт бойынша міндеттемелері орындалмаған немесе бұзылған кезде екінші тарап келтірілген шығындарды өтеу туралы талаптарын ұсына отырып, Шартты бір жақты тәртіппен бұзуға құқылы.
15. Тараптар туындайтын дауларды келіссөздер жүргізу арқылы реттеу үшін барлық күш-жігерін салады. Тараптар арасында келісімге қол жеткізілмеген жағдайда даулар мен келіспеушіліктер сот тәртібімен шешіледі.
16. Тараптардың Шарттан туындайтын және онымен реттелмеген қатынастары Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен реттеледі.
17. Шарт Тараптарда сақталатын және бірдей заңды күші бар екі данада жасалады.
6. Шарттың қолданылу мерзімі
18. Осы Шарт 20__ жылғы «__» ________ 20_ жылғы «__» _________ дейінгі мерзімге жасалады және, егер оның қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін 30 күнтізбелік күннің ішінде Тараптардың бірі Шарттан бас тарту туралы өтініш бермесе, оның мерзімі ұзартылды деп саналады.
7. Тараптардың заңды мекенжайлары
Жеткізуші: Сенімді тұлға:
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 19 ақпандағы №109 бұйрығына 5-қосымша
Нысан
Кондоминиум объектісін басқару органы мен түпкі тұтынушыларға электрмен жабдықтау жөніндегі көрсетілетін қызметтер жеткізетін нарық субъектілері арасындағы ынтымақтастықтың үлгі шарты
___________ қаласы 20___жылғы «__» ________
Бұдан әрі «Жеткізуші» деп аталатын__________________________________________________
___________________________________________________________________________ атынан
(көрсетілетін қызметті жеткізетін нарық субъектісінің атауы)
______________________________________________________________негізінде әрекет ететін
_________________________________________________________________ бір тараптан және
(уәкілетті адамның тегі, аты, әкесінің аты)
бұдан әрі «Сенімді тұлға» деп аталатын_______________________________________________
___________________________________________________________________________ атынан
(кондоминиум объектісін басқару органының атауы)
______________________________________________________________негізінде әрекет ететін
___________________________________________________________________ екінші тараптан,
(уәкілетті адамның тегі, аты, әкесінің аты)
бұдан әрі бірлесіп «Тараптар» деп аталатындар мына төмендегілер туралы осы шартты жасасты:
1. Шартта пайдаланылатын негізгі ұғымдар
1. Шартта мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) жеткізуші - меншік нысанына қарамастан, тұтынушыларға электрмен жабдықтау қызметтерін көрсететін жеке тұлға, дара кәсіпкер немесе заңды тұлға;
2) кондоминиум — жылжымайтын мүлікке меншіктің нысаны, бұл жағдайда үй-жайлар азаматтардың, заңды тұлғалардың, мемлекеттің дара(бөлек) меншігінде болады, ал ортақ мүлік оларға ортақ үлестік меншік құқығымен тиесілі болады;
3) кондоминиум объектісі - жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің дара (бөлек) меншігіндегі тұрғын және тұрғын емес үй-жайлардан және оларға ортақ үлестік меншік құқығымен тиесілі ортақ мүліктен тұратын біртұтас мүліктік кешен;
4) кондоминиум объектісін басқару органы кондоминиум объектісін күтіп-ұстау жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға;
5) пайдалану жауапкершілігін бөлу шекарасы - Тараптардың келісімімен белгіленетін электрмен жабдықтау жүйелерінің элементтерін электрмен жабдықтау жүйелерінің элементтерін пайдалану үшін міндеттер(жауапкершілік) белгісі бойынша бөлу сызығы. Мұндай келісім болмаған кезде пайдалану жауапкершілігінің шекарасы теңгерімдік тиесілілігінің шекарасы бойынша белгіленеді;
6) сенімді тұлға - кондоминиум объектісін басқару органы;
7) теңгерімдік тиесілілігін бөлу шекарасы - электрмен жабдықтау жүйелері мен олардың құрылыстары элементтерін меншік, шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару белгісі бойынша бөлу сызығы;
8) тұтынушы — меншік нысанына қарамастан, электрмен жабдықтау қызметтерін пайдаланатын жеке немесе заңды тұлғалар;
9) электр желілері - Жеткізушіге және/немесе кондоминиум объектісіне,сол сияқты үшінші тұлғаларға меншік құқығында, заттық құқықта немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өзге де негіздер бойынша тиесілі тұтынушыларға коммуналдық қызметтерді жеткізуге арналған кіші станциялардың, бөлуші құрылғылардың және оларды біріктіруші электр беру желілерінің жиынтығы.
2. Шарттың мәні
2. Жеткізуші тұтынушыға теңгерімдік тиесілілігін бөлу шекарасына дейін электрмен жабдықтау жөніндегі қызметтерді көрсетуге, ал Сенімді тұлға тұтынушыларға электрмен жабдықтау жөніндегі қызметтер көрсетілетін электр желілерінің сақталуын және тиісті техникалық жай-күйде болуы мен пайдаланылуын қамтамасыз етуге міндеттенеді.
3. Көрсетілетін қызметті қабылдау Жеткізуші мен тұтынушының теңгерімдік тиесілілігін бөлу шекарасында жүргізіледі.
4. Тараптарға меншік құқығында, өзге де заттық құқықта немесе заңнамада белгіленген өзге де негіздер бойынша тиесілі, электр энергиясын берудің соңғы пунктінде теңгерімдік тиесілілікті ажырату актісімен айқындалатын Тараптардың электр желілерін бөлу шекарасы пайдалану жауапкершілігін бөлу шекарасы болып табылады.
5. Сенімді тұлға мен Жеткізуші арасындағы кернеуі 1000 В дейінгі электр қондырғыларының жай-күйі мен оларға қызмет көрсету үшін Тараптардың пайдалану жауапкершілігінің шекарасы былайша айқындалады:
1) әуелік тармақталу кезінде — ғимаратқа орнатылған бірінші оқшаулатқыштардағы қоректендіруші желіні қосу жалғамасында;
2) кабельдік енгізу кезінде - ғимаратқа кірердегі қоректендіруші кабельдің ұштарындағы болтты қосылыстарда белгіленеді.
6. Электрмен жабдықтау жөнiндегi қызметтердi көрсетудiң тұтынушылық қасиеті мен режимi ұлттық стандарттарда немесе өзге нормативтiк-техникалық құжаттамада белгiленген талаптарға сәйкес болуы тиiс.
7. Электрмен жабдықтау жөніндегі қызметтерді көрсету режимі - тәулік бойы.
3. Тараптардың құқықтары мен міндеттері
8. Жеткізуші электрмен жабдықтау жөніндегі қызметтер көрсетілетін электр желілеріне техникалық қызмет көрсету және үйге ортақ есептеу құралдарын тексеруді ұйымдастыруға және тексеруге құқылы.
9. Жеткізушінің міндеттері:
1) теңгерiмдiк тиесiлiлiгiн бөлу шекарасына дейiн Қазақстан Республикасы заңнамасының, ұлттық стандарттардың талаптарына сәйкес көлемде және сапада электрмен жабдықтау жөнiндегi қызметтердің тиiсiнше көрсетiлуiн қамтамасыз ету;
2) электрмен жабдықтау жөніндегі қызметтерді көрсету режимін бұзуды болдырмау, жою бойынша уақтылы шаралар қабылдау.
10. Сенімді тұлғаның құқықтары:
1) электр желілерін тиісті техникалық жай-күйде күтіп ұстау бойынша жөндеу және пайдал